18.04 Лисаков ОКЖ директоры орталық кітапхана ұжымымен Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан: жаңару және жаңғыру жолы» атты Қазақстан халқына Жолдауын талқылау бойынша кездесу өткізді. Салтанат Темірханқызы Жолдаудың негізгі тезистеріне тоқталды. Ол іске қосылған реформалар бюрократиясыздандыруға алып келетінін, Қазақстанның демократиялық институттарын нығайтатынын, жұртшылық пен үкіметтік емес сектордың рөлі күшейтілетінін атап өтті. Сондай-ақ, кітапханашылар сайлау үдерісін жаңғырту мәселелерін талқылады.

View the embedded image gallery online at:
https://lis-cbs.kz/kz/glavn-2/a-parat.html#sigFreeId3cb495efe8


ОКЖ-нің қызметкерлері қалалық сенбілікке қатысты. Жалпыоблыстық санитарлық тазалау екі айлығының алғашқы күніне бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері, колледж студенттері мен Лисаков қаласының әкімі бастаған мемлекеттік мекеме қызметкерлері бірінші шағын ауданындағы "Алтай" саябағын тазалауға қатысты.

#Ryhanijangyry_lsk2022
 «Рухани жаңғыру» бағдарламасын кеңінен насихаттау мақсатында Орталық кітапханада бұрыш безендірілді. Оқырмандар бағдарламаның негізгі тарауларымен, ОКЖ кітапханаларының іс-шаралар жоспарларымен, әдістемелік материалдармен таныса алады. «Рухани жаңғыру» сериясынан мәдени мұраға арналған әдебиеттері оқырмандар назарына ұсынылды.

View the embedded image gallery online at:
https://lis-cbs.kz/kz/glavn-2/a-parat.html#sigFreeId4abd49cf0d


26 наурызда сағат 20.30-дан 21.30-ға дейін Орталық кітапхана «Жер сағаты» халықаралық экологиялық акциясына – жыл сайынғы халықаралық шараға қатысты. Акцияның мәні: планетаның болашағына алаңдаушылық белгісі ретінде жарық пен тұрмыстық электр құралдарын бір сағатқа өшіру. 


Орталық кітапхананың демалу  және білім беру орталығы жұмысын жалғастыруда.Балалар тыныш әрі жайлы ортада қарым - қатынас жасап, әңгімелескенді ұнатады. 

View the embedded image gallery online at:
https://lis-cbs.kz/kz/glavn-2/a-parat.html#sigFreeIde3bd0957a2

View the embedded image gallery online at:
https://lis-cbs.kz/kz/glavn-2/a-parat.html#sigFreeId74934e509f


Карантиндік шектеулер жағдайында жергілікті телеарна орталық кітапхананың кітап көрмелерін қалың оқырманға таныстыруға көмектеседі. Кезекті сюжет атақты жерлесіміз Ахмет Байтұрсынұлының мерейтойына арналады.

View the embedded image gallery online at:
https://lis-cbs.kz/kz/glavn-2/a-parat.html#sigFreeIdfb316f53f8

 


 

Лисаков ОКЖ ұжымы 2022-2026 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасының тезистермен танысты.

View the embedded image gallery online at:
https://lis-cbs.kz/kz/glavn-2/a-parat.html#sigFreeId8728ae7a10


2020 жылы Лисаков және Свердлов облысының Тавда кітапханалары жүйелері арасында ынтымақтастық басталды. Халықаралық фестиваль, халықтық дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар, фольклор, жергілікті жазушылар мен ақындардың шығармашылығы – бұл біздің іс-шараларымыздың тақырыптарының толық тізімі емес.
24 желтоқсанда жыл қорытындысы шығарылды. Бейнеконференция өлкетану бойынша тәжірибе алмасуға, қызықты жобалар туралы айтуға және жақсы достарымызбен тағы бір рет сөйлесуге мүмкіндік берді.
Бұл соңы емес, Тавда ОКЖ әріптестерімізбен алдымызда әлі талай қызықты іс-шаралар күтіп тұр.

View the embedded image gallery online at:
https://lis-cbs.kz/kz/glavn-2/a-parat.html#sigFreeIdc036e5d343

Лисаков ОКЖ кітапханалары "Ту терезеде" республикалық патриоттық акциясына қатысады

#Qazaqstan30

View the embedded image gallery online at:
https://lis-cbs.kz/kz/glavn-2/a-parat.html#sigFreeId38ce752d0d


"Мысықтар конкурсы-2021" байқауының 1-ші кезеңі аяқталды. Оның соңы 22 қазан күні болатын "Библиотүн-2021" іс-шарасы аясында шығарылады. Қазылар алқасының қарауына 9 қатысушы өз мысықтарын ұсынады. Айта кетерлігі сол, қатысушылардың бір де біреуі сый-сияпатсыз қалмайды.Сыйлықтарды жеке кәсіпкер Лариса Редько ұсынды. Ол біздің байқауымызға демеуші болуға келісті.

 


Құрметті Интернет пайдаланушылары!

Орталық кітапханасында Электронды құжаттарды жеткізу қызметі (ЭҚЖ) істейді.ЭҚЖ Сізге жинақтар мен мерзімді басылымдардан мақалалардың, рефераттар мен диссертациялардың электронды көшірмелерін, сонымен қатар біздің кітапхананың және Л. Толстой атындағы ОӘҒК-ның қорлардағы кітаптардың бөлек мақалаларына, бөлімдеріне, беттеріне тапсырыс беруге және оларды алуға мүмкіндік береді.Тапсырыстар ТЕГІН, тапсырысты орындау мерзімі –1-ден 3 жұмыс күніне дейін.

Біз Сізге көмектесуге әрқашан қуаныштымыз!

 


Орталық кітапханасының қызметкерлері жұмыс орындарында "Дені сау ұлт - қуатты мемлекет" ұранымен өткізілетін "Бірге жасаймыз" кеңсе гимнастикасын жасау акциясын қолдады.

View the embedded image gallery online at:
https://lis-cbs.kz/kz/glavn-2/a-parat.html#sigFreeId1c7d3c3029


Лисаков кітапхана жүйесінің даму тарихын енді жеке кітап басылымда оқуға болады. Оны қалалық музейде таныстырды. Дәл оның қызметкерлері Лисаков қаласының 50 жылдығына арналған жаңа мақалалар жинағын құруға бастамашы болды. Кітапхана қорына кітаптың 4 данасы түсті.

View the embedded image gallery online at:
https://lis-cbs.kz/kz/glavn-2/a-parat.html#sigFreeId0d3921abb1


Тавда қаласын қала күнімен құттықтаймыз!

 


Осымен екінші жыл Орталық кітапхана Тавда ОКЖ-мен жемісті ынтымақтастық орнатуда. «Кітапхана - мәдени мұра сақтаушысы» жобасы жүзеге асырылуда. Мереке қарсаңында біз әріптестерімізді Көктем және еңбек күнімен құттықтаймыз.

 


Лисаков ОКЖ «Рухани қазына-2021» республикалық фестиваліне қатысады. Мауленова Әлия Сапарғалиқызы өз жұмысын «Үздік аудандық (қалалық) маңызы бар кітапхана қызметкері» номинациясы бойынша ұсынады.

 

 


 

Лисаков ОКЖ «Рухани қазына-2021» республикалық фестиваліне қатысады. Орталық кітапхана өз жұмысын «Үздік онлайн жоба 2021» номинациясы бойынша ұсынады.

 

 


 

Лисаков ОКЖ «Рухани қазына-2021» республикалық фестиваліне қатысады. Орталық кітапхана өз жұмысын «Үздік аудандық (қалалық) маңызы бар кітапхана» номинациясы бойынша ұсынады.

 

 


 


Қазақстандық «Бір ел – бір кітап» жобасының идеясы АҚШ-та өте танымал болған «Бір кітап, бір Чикаго» және «Егер Сиэтлдің бүкіл тұрғыны бір кітапты оқыса» деген кітапханалық жобаларына негізделген. Шартқа сәйкес бүкіл қала тұрғындары бір мезгілде бір шығарманы оқуға тиіс.

Бір кітапты жалпы қала болып оқу идеясы АҚШ-тың солтүстік-батысындағы ірі қала Вашингтон штатына қарасты – Сиэтл көпшілік кітапханасының кітап орталығы тарапынан ұсынылған. 1998 жылы «Егер Сиэтлдің бүкіл тұрғыны бір кітапты оқыса» тақырыбымен алғаш өткізілген акцияның мақсаты – Сиэтл халқының бірлігін нығайту және оларға оқуды насихаттау. Бұдан соң осыған ұқсас мәдени шаралар Чикаго, Буффало, Рочестер қалаларында да ұйымдастырылды.

Қазақстанда республикалық «Бір ел – бір кітап» акциясы ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы 2007 жылдан бастап өткізіліп келеді. Акцияның мақсаты – ұлттық әдебиетіміздегі ең үздік деген туындыны оқу және насихаттау, оқу ісін ілгерілету, рухани мұрамызды сақтау, сондай-ақ жастарды отаншылдыққа әрі өнегелілікке тәрбиелеу. Сонымен қатар, акция қоғамның отандық әдебиетке, оның ішінде классикаға, қазіргі әдебиет пен поэзияға деген қызығушылығын әрі қарай жоғарылатуына мүмкіндік туғызады. 

«Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы бойынша 2020 жылы Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына орай М.Әуезовтың «Абай жолы» романы және шығыс ғұламасы Әбу Насыр Әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойына орай Әнуар Әлімжановтың «Ұстаздың оралуы» романы таңдалды.

Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясында қазақ әдебиетінің классигі, ойшыл және қоғам қайраткері Абайдың өмірі баяндалады. Сонымен қатар автор оқырманға 19 ғасырдың аяғындағы көшпелі және отырықшы дала адамдардың өмірі мен әдет-ғұрпы, қазақ халқының бостандықты сүйетін жаны, оның армандары, мінезі және рухани әлемі туралы баяндайды. Шығарма төрт кітаптан тұрады.

Әнуар Әлімжановтың «Ұстаздың оралуы» - «Екінші ұстаз» Әбу Насыр әл-Фарабидің саяхаты туралы хикаят. Онда автор көңіл күйін, кейіпкердің мәңгіге жоғалған қыпшақ Отаны туралы қайғылы естеліктерін суреттейді, сонымен бірге философтың ақиқатты іздеудегі қаңғырып жүргені, сарайлар мен зындандардағы  билікпен арпалысу және тағы басқалары туралы айтады. 

 

 

 


«Лисаков қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің» Лисаков орталықтандырылған кітапхана жүйесі» ММ

 

ОҚЫРМАНДАР БІРЛЕСТІКТЕРІ

 

т.

Бірлестіктің атауы

Кітапхана

Мекенжай

 

1.

«Эрудит» оқырмандар бірлестігі

Балалар кітапханасы

Мир көш., 32

«Союз» МҮ

2.

«Почемучка» оқырмандар бірлестігі

Балалар кітапханасы

Мир көш., 32

«Союз» МҮ

3.

«Читалёнок» отбасылық клубы

Балалар кітапханасы

Мир көш., 32

«Союз» МҮ

4.

«Алдар-Көсенің әзілі» қуыршақ театры

Балалар кітапханасы

Мир көш., 32

«Союз» МҮ

5.

«Замандастар»  оқырмандар бірлестігі

Орталық кітапханасы

1 ы/а, 41 үй

 

6.

«Жасдәурен»  оқырмандар бірлестігі

№ 1 кітапхана-филиалы

Октябрь к., Мәдениет үйі

7.

«Кругозор»  оқырмандар бірлестігі

№ 2 кітапхана-филиалы

6 ы/а, 56 үй

Колледждің жатақханасы

 


 

 

ОҚЫРМАНДАР БІРЛЕСТІКТЕРІНІҢ ЖҰМЫС КЕСТЕСІ

 

Т.

Бірлестіктің атауы

Жұмыс уақыты

Жауапты тұлғалар

 

1.

«Эрудит» оқырмандар бірлестігі

Айдың үшінші сейсенбісі,

сағ. 14.00-де

Черешнёва Н.М.

 

2.

«Почемучка» оқырмандар бірлестігі

Айдың екінші бейсенбісі, сағ. 11.00-де

Мұрзабұлатова Ә.Е.

 

3.

«Читалёнок» отбасылық клубы

Айдың үшінші жексенбісі, сағ. 11.00-де

Бакун Т.Н.

 

4.

«Алдар-Көсенің әзілі» қуыршақ театры

Айдың үшінші сәрсенбісі, сағ. 11.00-де

Смулянская  Г.В.

 

5.

«Замандастар»  оқырмандар бірлестігі

Айдың үшінші жұмасы, сағ. 8.30-да

Мәуленова Ә.С.

 

6.

«Жасдәурен»  оқырмандар бірлестігі

Айдың үшінші бейсенбісі, сағ. 9.30-да

Вальтер Н.М.

 

7.

«Кругозор»  оқырмандар бірлестігі

Айдың үшінші бейсенбісі, сағ. 17.00-де

Поливода С.В.

 

Директордың м.а.                                              Волокитина Е.В.