Услуги
63.3(5Қаз)
Х 23
Хасан, Серікбол. Әлихан Бөкейхан кім? [Мәтін] / С. Хасан. – Алматы : Мазмұндама баспасы, 2023. – 112 б.
Бұл кітапта Алаш ардақтысы, мемлекет қайраткері Әлихан Бөкейханның өнегелі өмір жолы қамтылды. Әлиханның балалық шағынан бастап, саяси белсенділігі, журналистік жолы, өлкетануға қосқан үлесі, Алаш партиясы мен Алашорда үкіметін құру жолындағы қажырлы еңбегі қамтылған.
Цвейг, Стефан. Шахмат новелласы
84(4Авс)
Ц 26
Цвейг, Стефан. Шахмат новелласы [Мәтін] / С. Цвейг. – Алматы : Мазмұндама баспасы, 2024. – 100 б.
«Шахмат новелласы» — әйгілі аустриялық жазушы Стефан Цвейгтің соңғы және ең танымал шығармаларының бірі. Оқиға 1939 жылы Буенос Айрестен Нью Йоркке бағыт алған кеме ішінде болады. Саяхатшылар кеме бортында өздерімен бірге Әлем чемпионы Мирко Чентовичтің де келе жатқанын естиді. Олар Чентовичке қарсы күш сынап көрмекші болады. Алайда бәрі де жеңіліске ұшырайды. Бір кезде жұмбақ жолаушы ойынға араласады. Осы сәттен бастап ситуация басқаша өрбиді. Шығармада шахмат шеберлерінің өзара тартысы шебер суреттелген.
Уэллс, Герберт. Көрінбейтін адам
84(4Вел)
У 98
Уэллс, Герберт. Көрінбейтін адам [Мәтін] / Г. Уэллс. – Алматы : Мазмұндама баспасы, 2022. – 224 б.
«Көрінбейтін адам» — ағылшын жазушысы, сыншыл реализмнің көрнекті өкілі Херберт Уэллстің ғылыми-фантастика жанрындағы аса танымал шығармасы. Ол 1897 жылы жарық көріп, содан бері әр елдегі, әр жастағы оқырмандар қолынан түспей келе жатқан кітапқа айналды. Романда Гриффин атты талантты ғалымның кенеттен өзі де күтпеген ғажайып ғылыми жаңалық ашып, атақдаңққа бөлену орнына сергелдеңге түскені, шытырман оқиғаларды бастан кешкені баяндалады.
Ньюман, Лесли. Хачико. Иесін күткен ит
84(7Сое)
Н 93
Ньюман, Лесли. Хачико. Иесін күткен ит [Мәтін] / Л. Ньюман. – Алматы : Мазмұндама баспасы, 2024. – 108 б.
«Хачико. Иесін күткен ит» — адалдық, достық және жанқиярлық туралы көркем де әсерлі әңгіме. Бұл кітап адамдар мен иттердің арасындағы кіршіксіз қарым-қатынасты суреттейді және ешкім ешқашан жалғыз қалмайтынына иландырады. Сонымен бірге кітаптан Жапониядай таңғажайып елмен, оның дәстүрлерімен және тұрмыстіршілігімен таныса аласыз.
Нұржан, Қуантайұлы. Қараөзек
84(5Қаз)
Н 90
Нұржан, Қуантайұлы. Қараөзек [Мәтін] : роман / Қ. Нұржан. – Алматы : Мазмұндама баспасы, 2024. – 168 б.
«Қараөзек» — белгілі жазушы, ақын әрі аудармашы Нұржан Қуантайұлының кесек туындыларының бірі. Романда Желтоқсан көтерілісіне қатысқаны үшін нақақтан сотталып, тәуелсіздік алғаннан кейінгі өліарада өмірден өз орнын іздеген Хақназардың тағдыры шебер суреттелген. Замана шындығы шынайы әрі әсерлі бейнеленген. Шығармадағы кейіпкерлердің мінез-құлқы түрлі ситуация барысында ашыла түседі. Кітап көпшілік оқырманға арналған.
Лондон, Джек. Ақ Азу
84(4Вел)
Л 72
Лондон, Джек. Ақ Азу [Мәтін] / Д. Лондон. – Алматы : Мазмұндама баспасы, 2024. – 268 б.
Америка әдебиетінің классигі Джек Лондонның шытырман оқиғалы повесінде қасқыр мен итттің бөлтірігі — Ақ Азудың басынан өткен оқиғалары суреттеледі.
Кітап адам мен түз тағысы арасындағы жүрек тебіренткен махаббат пен адал достықтың құдіреті туралы.



















