Хасан, Серікбол. Дина Нұрпеисова кім?
84(5Қаз)
Х 23
Хасан, Серікбол. Дина Нұрпеисова кім? [Мәтін] / С. Хасан. – Алматы : Мазмұндама баспасы, 2024. – 100 б.
«Ол кім?» сериясының кезекті кейіпкері – күй анасы атанған дәулескер күйші Дина Нұрпейісова. Дина тағдырлы тұлға болды. Ол 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістер, Бірінші және Екінші дүниежүзілік соғысы болған кезеңде өмір сүрді. Аштықты да, жоқшылықты да, ауыр азапты да басынан өткерді. Дина күйші тағдырдың тезіне төзе білді. Тоқсан жасында қазақтың күй өнерінің шыңына шықты. Ұстазы Құрманғазының, өзінің күйлерін халық арасына жайды. Бұл жинақта Динаның басынан өткерген бүкіл қиын да қызықты сәттері баяндалады.