75 (5 Қаз)

Ә 20

Әбілқайыр, Азамат. Бекзат Саттарханов кім? [Мәтін] / А. Әбілқайыр. - Алматы : Мазмұндама баспасы, 2024. – 96 б.

Бұл кітапта Сиднейде өткен Олимпиада чемпионы Бекзат Саттархановтың өмірі мен әлемге танымал спортшы болғанға дейінгі кәсіби жолы қамтылған. Жиырма жасында Олимп шыңын бағындырып, құйрықты жұлдыздай ағып өткен талантты боксші Бекзат Саттархановтың спорттағы қызықты да қиын сәттері баяндалады. Кітаптағы оқиғалар боксшінің ата-анасы мен замандастарының естелігінен алынған. Әуесқой бокстің үздігі Бекзат туралы қызықты мәліметті осы кітаптан бірге оқиық.