10 қыркүйек күні №4 мектептің 9 «а» сынып оқушылары үшін «Әлемдік өркениетке апаратын әліпби» атты ақпараттық сағат өтті.
Іс – шара «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өткізілді. Қатысушылар ҚР-ның тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев жазған «Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы» жарлығы жайлы ақпаратты тыңдады. Одан соң қатысушылар: латыншаға көшудің қажеттілігі не себепті туындауда; 2025 жылы халық латын графикасына толықтай өтуге дайын бола ма? және т.б. өздерін толғандырған сұрақтары бойынша ой-пікірлерімен бөлісті.