12 қыркүйек күні, мектеп-лицейдің 5 «б» сынып оқушылары Б.Соқпақбаевтың шығармашылығына байланысты «Арман қанатында» атты әдеби әңгімелесуге шақырылды.
Балалар жазушының өмірбаянымен және оның ең танымал «Менің атым Қожа» шығармасымен танысып, осы аттас көркем фильмнің үзіндісін тамашалады. Бұдан кейін балалар осы повесть бойынша ойынға қатысты: ойын қатысушылары карта бойынша әртүрлі дөңгелектермен саяхат жасады,олар текшені лақтырып, олардың түскен әрбір түріне кірді.Көк дөңгелек – «жауап нұсқалары бар сұрақтар», жасылы – мәтінді білу үшін «жай ғана сұрақтар», қызылы – «бас қатыратын сұрақтар»-күрделі сұрақтар және сарысы – «шығармашылық тапсырма» болды. Іс – шараның соңында ұлдар мен қыздар кроссворд шешті.