15 қыркүйек күні жазғы үзілістен кейін Лисаковтағы балалар кітапханасында «Непоседа» газетінің 10 жылдық мерейтойына орай, «Читаленок» отбасылық клубының отырысы болып өтті.

Қатысушылар газеттің негізгі айдарларымен танысып, осы бір қызықты газет беттерінен алынған: «Сыйлыққа қарай адымда», «Баспа машинкасы» және басқа да ойындар мен конкурстарға қатысып, жұмбақтар шешті.