17 қыркүйек күні «Рухани жаңғыру» бағдарламасы  және «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында №4 орта мектебінің  7»а» сынып оқушылары үшін Лисаков балалар кітапханасы «Адам жанының айтушысы» ...

әдеби – тарихи кездесу өткізді.Кіріспе сөзінде жүргізуші балаларға республикалық акцияның пайда болу тарихы туралы және биылғы жылы бүкіл ел Әбіш Кекілбаев пен Әбділда Тәжібаевтың шығармашылығымен танысуда екендігін айтып өтті.Көбінде ол Әбіш Кекілбаевтың өмірі мен шығармашылығына  тоқталып, оның «Аңыздың ақыры» романынан үзінді келтірді. Іс-шараға 24 адам қатысты.