21 тамызда, Орталық кітапхананың оқу залында жасөспірімдер үшін Ильмаз Нұрғалиев жайында «Уақыт дауысы естіледі» атты әдеби этюд болып өтті.Қазақстандық фэнтези авторы Ильмаз Нұрғалиев өз шығармаларында біздің қазақстандық фольклордың бай екендігін әлемге танытты. Балалар да VII ғасырда Батыс-Түрік қағанаты аумағында орын алған оқиғаларды қызыға тыңдап, аңыздар мен ертегілердегі батырлар және басты кейіпкерлермен танысты.