Еңбек күнін мерекелеу қарсаңында №2 кітапхана-филиалы «Мамандық таңдау – болашақ таңдауы» атты кітап көрмесін ресімдеді, сонымен қатар «Адам және мамандық» атты профи-старт өткізді.

Іс – шара барысында әрбір жас адамның мамандық таңдаудағы жауапкершілігі мен нақты қадамы жайлы әңгіме болды. Кітапханашы әр жыл сайын бұрыннан келе жатқан ондаған мамандықтардың көпшілігі жоғалып бара жатқанын тілге тиек етті. Студенттерге мамандығы бойынша жаршы, шаштараз, тілмаш және т.б. мамандықтар бойынша айналысқан адам немен айналысатынын танып білуді  ұсынды.Жаңа уақыттың жаңа кәсіптерді талап ететіндігі және солар туралы іс-шара барысында сөз болды.Қазақстанда және Лисаков қаласында сұранысқа ие мамандықтарға ерекше көңіл бөлінді.