Орталық кітапхана қарттар күніне арнап «Қайырымды көздер мен қайырымды қолдар күні» акциясын өткізді.

Кітапхана қызметкерлері аға буын өкілдеріне зор құрмет пен көңіл бөліп, кітаптар мен ашықхаттарды сыйлыққа тарту ете отырып қарттарға  зор денсаулық, амандық, сәттілік тіледі.Біз үшін бұл соғыс және еңбек ардагерлеріне, зейнеткерлер мен қарт адамдарға көпжылдық адал еңбегі, бай өмірлік тәжірибесі, мейірімділік пен даналықтары үшін алғыс айту мүмкінді болды. Бұл атаулы күн-даналық, мейірімділік және Құрмет күні! Акцияға 85 адам қатысты.