Орталық кітапхананың оқу залында «Ұлттарды біріктіретін ақын» атты әдеби портал өтті.
Бізге Лисаков қаласындағы №3 арнайы мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері келді. Олармен бірге ұлы ақын Абай Құнанбайұлының өмірбаяндық беттерін парақтап, өмірінен қызықты деректер тауып, есте қаларлық бейне көрсетілім тамашаладық.
Абай мұрасы – әркез шабыттандырып отыратын мәдениеттер мен ұрпақтар арасындағы көпір.














