«Осы жерде туып өскенмін, мұнда барлығы менікі» атты өлкетану бейнесеруендеуге аула клубтардың балалары қатысты, барлығы 16 адам. Іс-шара 14 тамызда өтті.

Біздің қала тарихы неден басталады, неге Лисаков деп аталады төрт ой-пікір бар екенін іс-шара барысында айтылды. Біздің қала өзен жағасында орналасқан, сондықтан балалар Тобыл өзені және оның Әйет тармағы туралы аңыз естіді. Қаланың көрнекі жерлер туралы бейнероликті қарап шыққаннан кейін, қатысушылар «Біздің қала» атты викторинасының сұрақтарына жауап берді. Мысалы: «Қандай жас дарындар конкурсы біздің қалада өтеді?», «Біздің қаланың Бразилиядағы Рио-де-Жанейро әйгілі қаламен қандай байланысы бар?», «Лисаковтың бас аллеясы кімнің құрметіне аталған?» және б.

Іс-шара тақырыбына байланысты «Кіші Отанның жарығы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.