2024 жылдың 3 мамырында Қалалық мәдениет және спорт орталығының үлкен концерт залында Әлия Молдағұлованың туғанына 100 жыл толуына орай «Ерлік те, естелік те, ән де» атты театрландырылған қойылым өтті.Орталықтандырылған кітапхана жүйесінің, қалалық мәдениет және спорт орталығының қызметкерлері, сондай-ақ біздің қаланың жас актерлерi үлкен сахнада Кеңес Одағының Батыры - 19 жасар батыр қыздың өмір жолы мен ерлігін көрсетті. Қалалық мәдениет және спорт орталығының залында іс-шара басталар алдында қалалық кітапханалардан «Ұлы істерге тағзым етейік» атты кітап көрмесі, сондай-ақ Лисаково мұражайының әскери бұйымдарының көрмесі ұйымдастырылды.