Биыл Қазақстан айтулы датаны - қазақ даласының біртуар перзенті, есімі ғылым мен өндірістегі орасан зор жетістіктермен астасып жатқан Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың туғанына 125 жыл толғанын атап өтті.
Академиктің 125 жылдығына орай 26 шілде күні, Лисаков қаласында «Қаныш Сәтбаев - әлемге әйгілі ғалым» атты дөңгелек үстел өтті. Шақырылған спикерлер Қостанай облыстық тарихи - өлкетану мұражайының, Рудный тарихи - өлкетану мұражайының, сондай - ақ Лисаков Жоғарғы Тобыл тарихи және мәдени мұражайының қызметкерлері болды. Лисаковқа Қостанай облысының жақын қалалары мен аудандарынан қонақтар келді. Орталық кітапханада Қостанай, Рудный, Жітіқара, Денисов ауданы және Б.Майлин ауданынан келген қонақтардың кездесуі өтті. Орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры Әлімбаева Бибігүл Қасымбекқызы мәдениет бөлімдерінің басшыларына, кітапханалар мен мұражайлардың директорлары мен қызметкерлеріне экскурсия жүргізді. Іс - шара басталмас бұрын қонақтар қала орталығындағы Қаныш Сәтбаев аллеясымен жүріп өтті.
Аймақтық іс - шараны ұйымдастырушылар Лисаков орталықтандырылған кітапхана жүйесінің қызметкерлері. Дөңгелек үстелдің модераторы қала әкімі - А.С. Ибраев болды. Үш баяндамашы Қаныш Сәтбаевтың өмірбаяны және оның Қазақстан ғылымы мен қоғамына қосқан үлесі туралы баяндама жасады:
- Танабаева Б.С. - облыстық тарихи - өлкетану мұражайының облыстық табиғатты және экологияны ғылыми зерттеумен қамтамасыз ету бөлімінің бастығы баяндама жасады, дәріс тақырыбы - «Дәуірлік тұлға»;
- Аханова А.Т. - Рудный қалалық тарихи - өлкетану мұражайының әдіскері, дәріс тақырыбы: «Қаныш Сәтбаевтың Рудный қаласы мен ССГПО дамуына қосқан үлесі»;
- Буданова Ю.П. - Лисаков мұражайы директорының ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары, дәріс тақырыбы: «Қаныш Сәтбаев - Қазақстанның тұңғыш тау - кен инженері».
Дөңгелек үстелге білім және мәдениет мекемелерінің қызметкерлері, қаланың құрметті азаматтары, сондай - ақ «Жас жүректер» еңбек жасақтарының жастары мен еріктілер қатысты. Дөңгелек үстелге қатысушылар естелік ретінде қаланың бір бөлігі саналатын, оның символы бокситтен алып кетті. Қала әкімі барлық спикерлерге қатысқандары үшін алғысын білдіріп, баяндамашыларға сертификаттар табыс етті. Бағдарламаны жергілікті көркемөнерпаздар мен мектеп оқушыларының шығармашылық нөмірлері толықтырды. Іс - шара бағдарламасының қорытынды кезеңі Лисаков Жоғарғы Тобыл тарихи және мәдени мұражайына жасалған экскурсиямен аяқталды.