Лисаков қаласында өрт кезінде зардап шеккендерге құжаттары кезектен тыс қалпына келтіріледі, деп хабарлайды «Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ Қостанай облысы бойынша филиалының баспасөз қызметі.
«Лисаков қаласының халыққа қызмет көрсету бөлімінің қызметкерлері өрттен зардап шеккендерге көмек көрсетуге дайын. Өртенген жылжымайтын мүлікке құқық белгілейтін құжаттарды қалпына келтіру үшін тұрғындар Лисаков қаласы, 4-шағын аудан, 34 Б үй мекенжайы бойынша ХҚКО жүгінуі қажет. Қызметкерлер азаматтарға түскі үзіліссіз құжаттарды рәсімдеуге көмек көрсетеді, зардап шеккендерді қабылдау кезектен тыс жүзеге асырылады», - деп, атап өтті Мемлекеттік корпорацияның облыстық филиалының директоры Миржан Жаңабаев.