Орталық кітапханада Қазақстанның Тәуелсіздік күніне арналған іс-шара өтті. «Болашақ» балабақшасы мен «Салтанат» мектепалды даярлық тобының тәрбиеленушілері «Азат, айбынды және таза» атты кітап көрмесін үлкен қызығушылықпен тамашалады. «Қазақстанның шекарасы», «Қазақстанның туы мен елтаңбасын тап», «Тақия» ойындарын ойнады. Олар «Қазақстан табиғаты» және «Қазақстан қалалары» коллажын бар ынтамен жасады. Қазақтың игі дәстүрі «Шашуға» байланысты тәттілерге ие болды.