Лисаковск қарапайым, дарынды жасты өсірді. 1969 жылы Василий өзінің алғашқы мақалаларын жариялауға тырысады. Ал 50 жылдан астам уақыт бойы ол «Лисаковская новь» газетінің редакциясында күн санап жұмыс істейді. Сол кісінің арқасында газет беттерінен экономика, әлеуметтік даму, адамгершілік тәрбиесі, салт-дәстүрді құрметтеу тақырыптарын, қаланың игі жақсылары туралы әңгімелерді оқып жүрміз. Кездесуге Василий Андреевичтің әріптестері қатысып, ол туралы жылы лебіздерін айтып, қызықты оқиғаларын еске алды. Іс-шара естелік суреттермен аяқталды.