Орталық кітапхананың оқу залында Абай атындағы жалпы білім беретін мектептің 6-7-сынып оқушылары үшін «Көркем сөздің аса көрнекті шеберлері» бенефис көрмесінің тұсаукесері өтіп, онда Ілияс Жансүгіровтің, Сәкен Сейфуллиннің және Бейімбет Майлиннің 130 жылдық мерейтойына орай қойылған жазушылардың шығармашылық еңбектері, өмірбаяндары мен мәліметтері ұсынылды. Және материалдар жинақталған папкалары қойылды. «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында балаларға белгілі жазушы Бердібек Соқпақбаевтың кітаптарының көрмесі көрсетіліп, оның «Менің атым Қожа», «Балалық шаққа саяхат» және «Өлгендер қайтып келмейді» секілді кітаптары жайлы айтылды.