Наурыз мерекесі қарсаңында орталық кітапханада мектеп-интернат оқушыларымен «Наурыз – жанның жыры!» атты іс-шара өтті. Кітапханашы балаларға Наурыз мерекесін тойлау, қазақ халқының салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары, ұлттық ойындары туралы айтып берді. Олар «Шашу» ырымы бойынша балаларға тәттілер мен бауырсақтар ұсынды. Қорытындылай келе, басқа ұлт өкілдері Наурыз мерекесін қалай тойлайтыны туралы бейнеролик көрсетілді.