Орталық кітапхананың оқу залында 🇰🇿 Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күніне орай «Тәуелсіздіктің биік құндылықтары» атты тарихи-патриоттық сағат өтті. Оған Абай атындағы жалпы білім беретін мектеп жанындағы сауықтыру алаңына баратын балалар қатысты. Іс-шара Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұранын орындаумен басталды. Одан кейін кітапханашы мемлекеттік рәміздердің тарихы мен мәніне тоқталды. Балалар ойындар мен викториналарға белсенді қатысты. Іс - шара соңында балалар суреттерді түрлі түстерге бояды.