Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күніне орай орталық кітапханада №1 мектептің жазғы ойын алаңының тәрбиеленушілерімен «Қазақстанның рәміздері – ел тарихы» ақпараттық сағаты өтті. Балаларға Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерінің жасалу тарихымен таныстырылған бейнефильм мен презентация көрсетілді. Сонымен қатар балалар сөзжұмбақ шешіп, Қазақстанның туын құрастыру үшін элементтерді пайдаланды. Соңында оларға тақырып бойынша тест тапсырылды.