Орталық кітапхана қызметкерлері Лисаков қаласы төтенше жағдайлар бөлімінің мамандары үшін «Абай – дана, Абай – дара, қазақта» деп аталатын іс – шара өткізді. Іс - шара ұлы ақын, кемеңгер ойшыл, философ, ағартушы Абай Құнанбайұлының туған күніне арналған. Ақынның өмірі мен шығармашылығына тоқталып, кітаптары таныстырылды. Сондай-ақ ұлы ақын туралы бейнеролик, виртуалды көрме де көрсетілді.