Абай атындағы жалпы білім беретін мектеп оқушылары үшін қазақтың халық композиторы, спортшы, палуаны - Балуан Шолақ Баймырзаұлының 160 жылдығына арналған «Дала перзенті» атты тарихқа саяхаты жасалды. Іс - шара барысында оқушылар белгілі тұлғаның өмірі және шығармашылығымен танысты. Сондай - ақ балалардың назарына Балуан Шолақ туралы кітаптар мен журналдар жинағы ұсынылды.