Абай атындағы жалпы білім беретін мектептің 10 сынып оқушылары үшін «Ғасырдан жеткен теңге» атты іс  - шарасы өткізілді. Онда егемен еліміздің тарихандағы ҚР ұлттық валютасы - теңгенің қолданысқа енгізілуі жайлы айтылып, тақырыпқа байланысты бейне роликтер көрсетілді. Сондай - ақ оқушылар викториналық сұрақтарға жауап беріп, жұмбақтар шешті.