27 қараша күні, Орталық кітапханада «Менің Тәуелсіздігімнің бағдарламасы» атты дөңгелек үстел құқықтық ақпараттық кездесу сағаты ретінде өтті. Шақырылған қонақтар қалалық мәслихаттың депутаттары мен төрайымы болса, диалогқа қатысушылар ЛТК 3 курс студенттері болды. Кездесудің басты мақсаты - жастардың құқықтық мәдениеті және электоралдық белсенділігін тәрбиелеу. Кездесу сенімді жағдайда, үлкен эмоционалды толқумен өтті, соның барысында балаларға өздерін қызықтырған сұрақтарды қоюға мүмкіндік берілді. Оларды ең алдымен тұлғалық өсуге қатысты сұрақтар қызықтырды, олардың қойған сұрақтарына К.Х. Мұхамадиева, А.Л. Кан және А.Г. Аман ризашылықпен жауап берді.
https://lis-cbs.kz/kz/zhanaly-tar/is-sharalar/1117-meni-t-uelsizdigimni-ba-darlamasy-y-ty-a-paratty-sa-aty.html#sigFreeId79a49c1666