Абай атындағы жалпы білім беретін мектептің 8 «а», 9 «а» және 10 сынып оқушылары үшін «Өмірімді өлеңмен өлшеуім керек» атты поэзия сағаты болып өтті. Онда қазақ ақыны, халық жазушысы Фариза Оңғарсынованың өмірі мен шығармашылық жолы туралы мәлімет берілді. Іс - шара барысында балалар ақын өлеңдерінен үзінділер оқып, конвертке салынған жұмбақ сұрақтарды ашып, оған белсенді түрде жауап берді және ақынның өлеңдер жинағы топтастырылған кітаптармен танысты. Іс - шара бейнероликтермен сүйемелденіп отырды.