Бүгін мектеп-гимназияның 8-сынып оқушыларымен «Бізде барды сақтамаймыз, жоғалтқанда жылаймыз» атты эко-деректер форматында экологиялық сағат өтті. Балалар ғаламдық экологиялық проблемалармен танысып, Қызыл кітапқа енген жануарлар мен өсімдіктерді болжау – интерактивті іс-әрекетке қатысты. Кітапханашы жер шарының әртүрлі қоқыс түрлерімен ластануы туралы статистикалық мәліметтер келтіре отырып, Дүниежүзілік мұхит суларына келтіріліп жатқан антропогендік жан түршігерлік әсер туралы қысқаша бейнеролик көрсетті. Іс-шара соңында кітапханашы «Табиғат» энциклопедиялық кітабына шолу жасады.
View the embedded image gallery online at:
https://lis-cbs.kz/kz/zhanaly-tar/is-sharalar/1127-bizde-bardy-sa-tamajmyz-zho-alt-anda-zhylajmyz-atty-eko-derekter-formatynda-ekologiyaly-sa-at.html#sigFreeId72b1aca704
https://lis-cbs.kz/kz/zhanaly-tar/is-sharalar/1127-bizde-bardy-sa-tamajmyz-zho-alt-anda-zhylajmyz-atty-eko-derekter-formatynda-ekologiyaly-sa-at.html#sigFreeId72b1aca704