2025 жылғы 9 ақпанда Орталық кітапханада мектеп-интернат оқушыларына арналған «Денсаулық - сіздің капиталыңыз» атты көңілді эстафета өтті. Іс-шара барысында балалар өз денсаулығын қалай сақтау керектігі туралы білді, қимылды ойындарда жарысты және «Көкөністер мен жемістерді жина» дидактикалық ойынына қуана қатысты. Іс-шара соңында олардың назарына салауатты өмір салтына арналған қабырға газеті ұсынылды. Кітапханашы естелік ретінде әр оқушыға денсаулықтың басты дұшпандары және олармен күресу жолдары туралы бүктеме-жадынамалар таратты.