Алғыс айту күнін мерекелеу қарсаңында Орталық кітапханада «Алғыстың шегі жоқ» атты әңгіме-ашуы өткізілді. Іс-шара барысында кітапханашы мерекенің пайда болу тарихы туралы айтып берді - бұл депортация мен қуғын-сүргіннің қатал жылдарында әртүрлі халықтардың өкілдерін қабылдаған және олардың аман қалуына көмектескен қазақ халқына барлық этностардың құрметі мен алғысы. Сондай-ақ, биылғы жылы құрылғанына 30 жыл толатын Қазақстан халқы Ассамблеясының миссиясы айтылды. Іс-шараға қатысушылар алғыс туралы мақал–мәтелдер құрастырды, пайдалы тәжірибе жасады - жылы сөздерден гүл құрастырды. Іс-шара соңында кітапханашы осы тақырып бойынша әдебиеттерді ұсынды.