МОӨК-тің 8-ші сыныптары үшін Орталық кітапхана «Рухани келісім – бейбітшілік пен түсіністікке жол» атты руханият сағатын өткізді.

«Руханият» және «рухани келісім» дегеніміз не, сонымен қатар аңыздар мен нақылдар, ойындар мен конкурстар, талас жағдайлар мен жанжалды жағдайдағы міңез-құлық ережелері – осы және тағы басқа тақырыбына байланысты керекті ақпарат іс-шарада айтылды.