29 тамызда Семей ядролық полигонының жабылуына 35 жыл толады. Орталық кітапханада Қазақстан тарихының осы бір маңызды әрі қасіретті бетіне арналған тақырыптық кездесу өтті. Шараға Лисаков қ. № 3 ТЖБ қызметкерлері қатысты.

Кездесу барысында ядролық қару, Семей полигонында 40 жылға жуық уақыт бойы жүргізілген сынақтардың тарихы, сондай-ақ оның адамдар мен қоршаған ортаға тигізген ауыр салдары туралы айтылды. Қатысушылар «Невада — Семей» ядроға қарсы қозғалысының тарихын және оның көшбасшысы — белгілі қоғам қайраткері әрі ақын Олжас Сүлейменовті еске алды. Сонымен қатар, еңбектері ядролық сынақтарға қарсы күрестің символына айналған танымал суретші Кәріпбек Күйіковтің тағдыры мен шығармашылығы туралы ерекше сөз қозғалды.
Кездесу Р. Сейсенбаевтың «Әкеге тағзым немесе заман ақыр» кітабынан алынған мазмұнды үзінділермен және бейнематериалдармен сүйемелденді. Мұндай шаралардың бүгінгі күні маңызы өте зор, олар бейбітшілік пен өмірдің, адам денсаулығының құндылығын тағы бір мәрте еске салуға көмектеседі.
Семей полигоны туралы естелік — бұл зардап шеккендерді ұмытпау және болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілік.