8 қаңтар күні №1 кітапхана – филиалы  "Балапан" балабақшасының даярлық топтары үшін "Ұлы мәртебелі – Кітап еліне саяхат» атты кітап мерекесін өткізді.

Кітапханашы мектепке дейінгі балаларды кітапханамен, кітапхананы пайдалану ережесімен, кітапханада өзін-өзі ұстау ережесімен таныстырды. Содан кейін ертегілер бойынша викторина өткізілді. Іс-шара соңында балалар "Үш мысық, біз кітапты ренжітпейміз"атты мультфильмді тамашалады. Барлығы 60 адам қатысты.