2020 жыл әлемдік қоғамдастық үшін айтулы оқиғаға толы жылболып - Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығын мерекелеу аясында өтті.№2 кітапхана-филиалында ұлы ойшыл, әлемдік өркениеттің данышпаны Әл-Фарабиға арналған «Шығыстың ұлы ғалымы» атты өмірбаяндық шежіре түрінде іс-шара өтті.Техникалық колледж студенттері ғалым - философтың өмірі мен шығармашылығы туралы көбірек ақпарат алды.Кітапханашы әл-Фараби жасаған және жақында қайта басып шығарылған трактаттармен таныстырды, сонымен қатар қатысушылар «Ғасырлар даналығы» сериясынан алынған деректі фильмнен үзінді көрді.