Қаңтар айы қазақ әдебиеті үшін айтулы даталарға бай. Екі жазушы - Ілияс Есенберлин мен Сәбит Досанов мерейтойларын атап өтуде.
Орталық кітапханада жазушы Ілияс Есенберлиннің туғанына 105 жыл толуына орай «Көзге көрінбес әлем де маған көріне бастады...» атты кеш портреті өтті. Кітапханашы жазушының балалық шағындағы қиыншылықтар мен оның өміріне байланысты болған оқиғалар туралы айтты. Бірақ соған қарамастан, оның жемісті өмірі, шығармашылық мұрасы - қазақ әдебиетінің баға жетпес бөлігі. Ілияс Есенберлин көптеген романдарды жазды, олардың ішінде ең танымал - «Көшпенділер».
Оқушылар жүргізушінің әңгімесін тыңдап, презентация мен бейнероликтерді тамашалап қана қоймай, белсенді түрде қатысып, кешті қызықты әрі мазмұнды өткізді.
https://lis-cbs.kz/kz/zhanaly-tar/is-sharalar/208-eki-zhazushy-iliyas-esenberlin-men-s-bit-dosanov-merejtojlaryn-atap-tude.html#sigFreeId37e0222eef