«Жаһандық әлемдегі заманауи қазақстандық мәдениет» жобасы бойынша «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында қазақ жазушысы Мұхтар Мағауиннің 80-жылдық мерейтойына арнап Орталық кітапхана «Замандастар» клубының мүшелерімен «Қиын өмірдегі ауыртпалық пен құмарлық» атты әдеби салонды өткізді.
Онда белгілі жазушының өмірі мен шығармашылығы жайлы айтылды. Мұхтар Мағауиннің көлемді шығармасының бірегейі «Аласапыран» тарихи трилогиясы жайлы сөз болды. Сонымен қатар оқушылар жазушы жайлы дайындалған бейнероликті тамашалап, слайд арқылы көптеген мағлұматтар алды. Іс-шара соңында арнайы дайындалған қорапшадан сұрақтар таңдап, барлығы бірлесе жауап берді.
https://lis-cbs.kz/kz/zhanaly-tar/is-sharalar/226-iyn-mirdegi-auyrtpaly-pen-marly-atty-debi-salondy-tkizdi.html#sigFreeId62afb07850