16 ақпанда  балалар кітапханасында «Читаленок» отбасылық клубының кезекті отырысы болып өтті. Бұл жолы балалар мен ата-аналары  «Жүрек пен ақылға  арналған балалар оқуы» әдеби балалар журналының пайда болу тарихымен, негізгі айдарлары және материалдарымен танысты.Іс-шара барысында балалар: «Өзің  құрастыр», «Қаздар-аққулар» ойындарын ойнады, өлең жолдарын жалғастырды және соңында «Махаббат өлшегіші» құралын қолдана отырып және «Біздің сезімдеріміздің жылуы» әңгімесіне сүйене отырып, өздерінің аналарына деген сүйіспеншіліктерінің күшін өлшеді. Қатысқандар – 23 адам.