Орталық кітапхана базасында "Ұлы даланың ұлы тұлғалары: Мұзафар Әлімбаев " атты ғылыми жобаның тұсаукесері өтті. Жұмыс авторы- Тобыл кентіндегі жалпы білім беретін мектептің 3 сынып оқушысы - Мираслава Летова. Ғылыми жетекшісі-бастауыш сынып мұғалімі Айман Бельхеева. Ұлы қазақ ақынының өмірі мен шығармашылығы туралы ақпаратты Лисаковтық МОӨК-ның сегізінші сынып оқушылары тыңдады.