Әулиекөл және Қарасу аудандарының аумағында табиғи өрттер, ормандар мен ауылдар өртеніп жатыр.

Лисаков қаласының тұрғындары шетте қалмады және табиғи апаттан зардап шеккендерге көмекке белсенді қатысты.

Ағымдағы жылдың 4 қыркүйегінен бастап Лисаков қаласынан Әулиекөл ауданына 4 жүк газелі жіберілді, жүктің жалпы көлемі шамамен 7 тонна. Гуманитарлық жүктің құрамына жеке гигиена құралдары, бірінші кезекте қажетті заттар, азық-түлік және киім-кешек кірді.

Гуманитарлық көмек жиынына еріктілер, жастар, бизнес және қала ұйымдарының өкілдері қатысты.

Жиынның аяқталуына қарамастан, Лисаков тұрғындары жерлестеріне көмектесуді тоқтатқан жоқ. Қалған азық-түлік жиынтықтары мен киімдер қаланың әлеуметтік осал отбасыларына жіберіледі.