Республика күнін мерекелеу аясында Лисаков кітапханаларында Қазақстанда тұрып жатқан халықтардың ұлттық мәдениетіне арналған іс-шаралар өтті. Балалар кітапханасында "Ақ қанат астындағы жер" атты беларусь мәдениетінің мерекесі өтті. № 2 кітапхана-филиалында корей ұлтының мерекесіне арналған "Мәдениетке арналған  диалог" атты достық мерекесі өткізілді. Мерекелік шараға Лисаков қалалық мәслихатының депутаты Кан Афанасий Леонидович  қатысты.