Орталық кітапхананың оқу залында ұлы реформатор Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған бенефис-көрме ресімделді. Онда мерейтой иесінің еңбектері, шығармашылық жұмыстары туралы әдебиеттер, көрнекті тұлғаның  өмірбаяны, атақты жазушылардың мақалалары, сондай-ақ кітапханашылар жылдар бойы мерзімдік басылымдар беттерінен жинақталған материалдардан тұратын папка қойылды.