Қазақ фольклоры бірегей, оған қырықтан астам жанрлық түрлері енеді. Бұл таусылмайды. Судың бір тамшысындағыдай ол да адамдардың тағдырын, оның даналығын, қоршаған әлемге қатынасын бейнелейді.
2021 жылы 26 қаңтарда «Олимп» аула клубында №1 кітапхана- филиалы «Бабалардың рухани мұрасы» атты әдеби лото өткізді. Іс-шара балаларды қазақ фольклорымен: ертегілер, жұмбақтар, мақал-мәтелдермен таныстырды. Олар бірнеше конкурстарға қатысты: Ертегілер (балаларға ертегілер туралы сұрақтар қойылды. Ойыншылар дұрыс жауаптарынан пазл құрастыруы керек еді);
2 сайыс: Мақал-мәтелдерден болды (берілген тақырып бойынша қазақ мақал-мәтелдерін атау керек болды: батылдық, білім, отбасы);
3-ші сайыс: Жұмбақтар (шараға қатысушылар қазақша жұмбақтарды шешті);
4 Аңыздар сайысы: олардың басты кейіпкерлері аңыздардан үзінділер негізінде аталды.
Кітапханашылар ойын арқылы балаларды қазақ ертегілері мен аңыздарының, жұмбақтарының, мақал-мәтелдерінің және батырларының кейіпкерлерімен таныстырады. Олар кітап арқылы патриоттыққа тәрбиелейді, Отанға деген сүйіспеншілікке, оның дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарына құрметпен қарауға тәрбиелейді.
https://lis-cbs.kz/kz/zhanaly-tar/390-olimp-aula-klubynda-1-kitapkhana-filialy-babalardy-rukhani-m-rasy-atty-debi-loto-tkizdi.html#sigFreeId5b0482b12e