Іс-шаралар

Кейбір қала тұрғындары өздерінің «бақытты билеттерін» жаңа 2020 жылдың алғашқы жұмыс күнінде ала алды. Бұл барлығы Орталық кітапханада бірінші рет емес өткізетін жаңа жылдық акция арқылы.

     19 желтоқсанда "Шырша жағылады – мереке басталады" атты ойын – сауық бағдарламасына Лисаков балалар кітапханасы мектеп-интернат оқушыларын шақырды. Балаларды Аяз ата немере қызы Ақшақармен және Қыс – Анамен бірге құттықтауға келді. Олар ұлдар мен қыздар үшін әртүрлі ойындар мен сайыстар өткізді. Қатысқандар - 17 адам.

Тәуелсіздік күні - ерекше мереке.Оған тарихтың жүздеген парақтары мен өз еліне деген шынайы махаббат араласқан.

22 желтоқсанда Лисаков балалар кітапханасында өтпелі жылы "Читаленок"отбасылық клубының соңғы отырысы өтті. Ол жаңа жылды қарсы алуға арналды және "Қыс Ананың әзілдері" деп аталды. Ол шыршаны қолдан жасалған ойыншықтармен және кәмпиттермен безендіруден  басталды, содан кейін балалар қол ұстасып айналып жүріп, мынадай әр түрлі ойындар ойнады:" Қарлар"," Теңіз толқиды бір..."," Көңілді мартышкалар" және т.б. Және әрине, олар Аяз атадан жаңа кітаптар мен кәмпиттерді сыйға алды.

№3 мектеп оқушыларымен әнші Б. Төлегенованың 90 жылдық мерейтойына арналған іс-шара өткізілді. Қатысушылар Б. Төлегенованың қиын балалық шағы туралы, шығармашылық жолы туралы, бастан кешкен қиындықтарға қарамастан қайсарлығы мен оның таланты, оның таңғажайып дауысы әлі күнге дейін тыңдаушыларынриза қып,өмірге деген құлшынысы нені қызықтыратыны туралы білді. Жүргізушінің әңгімесі презентация және бейнероликпен толықтырылды.

№ 2 кітапхана – бөлімшесінде талантты ақын Фариза Оңғарсынованың 80 жылдығына арналған "Егер жаның қанаттанып туса" атты поэтикалық – посткриптум өтті. Іс - шараны жүргізуші ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы айтып, оқырмандардың ақын тұлғасы туралы түсінігін қалыптастыруға ықпал етті.

№ 2 кітапхана-филиалында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған "Елдіңерекшекүні" ақпараттық дерекнамасы өтті. Тәуелсіздік алғаннан бастап осы уақытқа дейінгі мемлекетіміздің қалыптасуының негізгі кезең деріжайлы айтылумен қатар,егемендік жылдарындағы жетістіктер туралы айтылды.