Іс-шаралар

1 қазан күні кітапханашылар мерекелерімен құттықтап, грамоталар мен кітаптарді белсенді оқушыларға тарту етті.

17 қыркүйекте алғаш рет Лисаков қалалық балалар кітапханасының қуыршақ театры «Арка» ауылына «Мысық, Әтеш және Түлкі» және «Ашуланшақ Пых» ертегісінің  қойылымдарымен барды.

Еңбек күнін мерекелеу қарсаңында №2 кітапхана-филиалы «Мамандық таңдау – болашақ таңдауы» атты кітап көрмесін ресімдеді, сонымен қатар «Адам және мамандық» атты профи-старт өткізді.

21 тамызда, Орталық кітапхананың оқу залында жасөспірімдер үшін Ильмаз Нұрғалиев жайында «Уақыт дауысы естіледі» атты әдеби этюд болып өтті.Қазақстандық фэнтези авторы Ильмаз Нұрғалиев өз шығармаларында біздің қазақстандық фольклордың бай екендігін әлемге танытты. Балалар да VII ғасырда Батыс-Түрік қағанаты аумағында орын алған оқиғаларды қызыға тыңдап, аңыздар мен ертегілердегі батырлар және басты кейіпкерлермен танысты.

Қала күннің қарсаңында Орталық кітапханада «Сүйікті қаламды мақтан етемін» атты әдеби-музыкалық кеш өтті. Іс-шара барысында жүргізуші қатысушылармен бірге қала көшелері бойынша виртуалдық серуендеу жасап, қаламыз қалай өзгеріп жатыр, әп-әдемі болып, өз пікірлерді айтып.

№2 кітапхана-филиалында «Туған қаланың келбеті» атты өлкетану сағат өтті. Іс-шара барысында Лисаков тарихына экскурс жасағанда, жаңа қаланың құрылыс құйыны қатысқан балаларды (15 адам) үйіріп әкетті.

№1 кітапхана-филиал «Олимп» аула клубында орта мектеп жастағы балаларымен «Қала кітабын парақтай отырып» атты әдебиетке шолуды өткізді.