Іс-шаралар
16 қазан күні Лисаков балалар кітапханасында № 4 мектептің 5"б" сынып оқушылары үшін "Жанымыз салт-дәстүрмен өмір сүреді" атты рухани сағат өткізілді.
14 қазан күні «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында мектеп-гимназияның 6 «а» сынып оқушылары үшін лисаковтық Балалар кітапханасы С.Бақбергеновтың «Алтын адам» шығармасы бойынша әдеби жыр өткізді.
Мүгедектер күні қарсаңында Орталық кітапхананың қызметкерлері «Қайырымдылық жаса» деген ұранмен акция өткізді. Қайырымдылық пен қамқорлыққа зәру ерекше адамдардан құралған қала тұрғындарына мейірімділік пен шапағат белгісі ретінде ақ лента тағылды.
11 қазан күні Балалар кітапханасы «Союз» Мәдениет үйінің фойесінде мүгедектер күніне арнап «Қайырымдылық жаса» акциясын өткізді.Кіре берісте кітапхана қызметкерлері балаларға көңіл көтеру үшін түрлі-түсті шарлар таратты.
Орталық кітапханада «Тоқта, жемқорлық» атты әңгімелесу болып өтті. Әңгіменің тақырыбы жемқорлық жайлы, оңың орын алу себептері мен жемқорлық қылмысына қарсы күрес жайлы болды.
Орталық кітапхана қарттар күніне арнап «Қайырымды көздер мен қайырымды қолдар күні» акциясын өткізді.
Қарттар күні қарсаңында орталық кітапханада "Күзгі жапырақтар блюзі"атты шын жүректен шыққан кеш өтті.